Некоммерческое акционерное общество
"Северо-Казахстанский университет
имени Манаша Козыбаева"

студенттер жатақханасы туралы қысқаша ақпарат

Конкурстық комиссия жатақханалардағы орындарды бөлуді негіздемелер мен кезектілікті ескере отырып, мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

1) даму мүмкіндіктері шектеулі адамдар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдар;

2) кәмелеттік жасқа жеткенге дейін ата-аналарынан қамқорлығынсыз қалған жастар арасынан адамдар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектерге теңестірілген адамдар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын оралмандар;

3) "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін – 2050") жобасы шеңберіндегі білім алушылар;

4) "Алтын белгі" игерелері болып табылатын бірінші курсқа қабылданған білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және/немесе конкурс жеңімпазының немесе жүлдегерінің сертификатын иеленген білім алушылар, сондай-ақ оқу орнын үздік бітірген, білім туралы растайтын құжаты бар (куәліктер, аттестат, диплом) талапкерлер;

5) оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелері бар жоғарғы курс студенттері қатарындағы білім алушылар;

6) ұйымның өзге де білім алушылары.";

"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығының 10-тармағы (2020 ж. 05.22 өзгерістермен)